Орибе Перальта Моронес (; 12 қаңтар 1984 жыл, Торреон, Мексика) — мексикалық футболшы, Мексика Ұлттық футбол құрамасы мен "Америка" клубының шабуылшысы.

Мансабы "Морелия" футбол академиясының түлегі. Мексика чемпионатында тұңғыш рет 2003 жылы болашақ клубы "Америкаға" қарсы алаңға шықты. Бұл ойында "Монаркас Морелия" 1:2 есебімен ұтылып қалды. Келесі маусымда бір жылдай "Лионда" ойнап, 33 кездесуде 10 гол соқты. Әзірше ең ұзақ ойнаған клубы "Сантос Лагуна". Сегіз жылдай "Сантос Лагунаның" намысын қорғап, 200 аса ойында алаңға шықты. 2014 жылы қазіргі клубы "Америкаға" ауысты.

Ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын 2011 жылы 10 тамыз күні АҚШ құрамасының қақпасына соқты. 2014 жылғы әлем біріншілігінде Камерунның қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды енгізді.

Жетістіктері Командалық «Леон» Мексика чемпионы — Клаусура 2004

«Сантос Лагуна» Мексика чемпионы — Клаусура 2008, 2012

«Америка» Мексика чемпионы — Апертура 2014 КОНКАКАФ Чемпиондар Кубогы — 2014/2015, 2015/2016

Панамерикалық ойындар жеңімпазы — 2011 Олимпиада чемпионы — 2012 КОНКАКАФ чемпионы — 2015

Жеке жетістіктері Панамерикалыөқ ойындардың үздік мергені — 2011 Апертура турнирінің үздік мергені 2011 Клаусура турнирінің үздік мергені 2012 КОНКАКАФ Чемпиондар Лигасының мергені — 2011/2012 (7 гол), 2014/2015 (7 гол)

Футболшының профилі Футболшының профилі

Санат:Мексика футболшылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Леон ФК ойыншылары Санат:Монтеррей ФК ойыншылары Санат:Гвадалахара ФК ойыншылары Санат:Америка Мехико ФК ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:Мексика Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары