Моңғолия Ұлттық футбол құрамасы (моңғ. Монгол улсын хөлбөмбөгийн шигшээ баг) — Халықаралық жарыстарда Моңғолияның атынан сынға түсетін құрама. ФИФА және АФК мүшесі. Басқарушы орган — Моңғол Футбол федерациясы.

Тарихы Әзірше әлем және Азия чемпионаттарына қатыспаған.

Моңғолияда футбол өткен ғасырдың 20-жылдарынан бері бар. Соған қарамастан құрама алғашқы ойынын 40-шы жылдары ғана өткізді, 1942 жылы Манчжурияда Жапония құрамасынан 0:10 есебімен ұтылды. Бірақ бұл ойын ФИФА қаттамаларына тіркелмегендіктен, алғашқы ресми ойыны 1960 жылы өткізді.

Алғашқы жеңісін 1990 жылдары ғана тойлады. 1993 жылы Макао құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

1993 жылы АФК-ға, 1998 жылы ФИФА-ға мүше болды.

Әлем чемпионаттарында

1930 — 1962 — Құрама жоқ еді 1966 — 1998 — қатыспады 2002 — 2018 — іріктеуден өте алмады

Азия Кубогында

1956 —1996 қатыспады

2000 — іріктеуден өте алмады 2004 — іріктеуден өте алмады 2007 — іріктеуден өте алмады 2011 — 2019 — іріктеуден өте алмады

Cілтемелер

Құрама жайлы ФИФА сайтында

Санат:Моңғолия Ұлттық футбол құрамасы