Тео Бернар Франсуа Эрнандес (фр. Theo Bernard François Hernández; 6 қазан 1997, Марсель) — француз футболшысы, кәсіпқой футболшы Жан-Франсуа Эрнандестің ұлы, "Милан" футбол клубының қорғаушысы.

Ағасы Лукас Эрнандесте футболшы.

Мансабы Клубтық "Атлетико Мадрид" футбол клубының тәрбиеленушісі. Әкесі де осы клубта ойнаған. Бауыры Лукас Эрнандес қазір осы командада ойнайды. Бірақ Тео команда сапында алаңға шыға алған жоқ. 2016 жылы жазда "Алавеске" жалға берілді. "Алавес" сапындағы алғашқы голын 2017 жылы 7 мамырда "Атлетик Бильбаоның" қақпасына енгізді. 2017 жылы 28 мамырда Испания кубогының финалында "Барселонаға" бір гол соқты. Бірақ команда 1:3 есебімен ұтылып қалды.

2017 жылы жазда Мадридтің "Реалына" ауысты. Алғаш рет 17 тамыз күні Испания суперкубогының қарымта матчында "Барселонамен" ойында Асенсионың орнына алаңға шықты.

2018/19 жылғы маусымды "Реал Сосьедад" сапында өтікізді.

2019 жылы "Реалға" қайта оралған соң "Миланға" ауысты. Келісім шарты 2024 жылға дейін.

Ұлттық құрама Әзірше Францияның тек жастар құрамаларында ғана ойнап келеді.

Жетістіктері Алавес

Испания кубогының финалисі: 2016/17

Реал Мадрид

УЕФА Суперкубогы: 2017 Испания Суперкубогы: 2017

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Франция футболшылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Алавес ФК ойыншылары Санат:Реал Сосьедад ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары