Лорис Свен Кариус (; 22 маусым 1993, Биберах-на-Рисе, Баден-Вюртемберг, Германия) — германиялық футболшы, «Ньюкасл Юнайтед» клубының қақпашысы.

Мансабы 2013-16 жылдары "Майнц-05" клубының негізгі қақпашысына айналды. 2016 жылы жазда бірнеше клуб Кариусты өз құрамдарына қосып алғысы келді, мысалы, "Атлетико Мадрид", "Эвертон", "Ливерпуль". Соңында "Ливерпульмен" бес жылдық келісім шартқа отырды.

"Ливерпульде" 2016 жылдың жазынан бері ойнайды. Командада алғаш рет 2016 жылы 20 қыркүйекте "Дерби Каунтиге" қарсы алаңға шықты. Бір айдан соң команда бапкері Юрген Клопп "Кариус команданың негізгі қақпашысы" деп мәлімдегенімен, кейін Кариус көптеген дөрекі қателіктерді жіберді де, қосалқы құрамда көп отыратын болды.

2018 жылы 26 мамырда УЕФА Чемпиондар Лигасының Киевте өткен финалында Кариус негізгі құрамда алаңға шығып, екі рет оңбай қателесті: алғашқысында қолмен ойынға қосқан добы Кәрім Бенземаның тірсегіне тиіп кетіп, доп қақпадан бір-ақ шықты. Екіншісінде Гарет Бейлдің алыстан тепкен добы дәл бұған қарай ұшты да, бұл нықтап ұстай алмай, қақпаға жіберіп алды.https://www.championat.com/football/news-3445839-karius-rasplakalsja-posle-finala-ligi-chempionov-i-izvinilsja-pered-bolelschikami.html Кариус матчтан соң жанкүйерлерден кешірім сұрады.

2018 жылы 25 тамызда "Бешикташ" клубымен екі жылдық келісім шарт жасасты.

Статистикасы 2018 жылғы 27 мамырдағы көрсеткіштер ЧемпионатКубокЕврокубокБасқа даБарлығыКлубЛигаМаусымОйынГолОйынГолОйынГолОйынГолОйынГол Майнц 05 II«Батыс»2011/12180———180«Оңт-Батыс»2012/1360———602013/1430———30Бары270———270 Майнц 05Бундеслига2011/12000000—002012/13100000—102013/142300000—2302014/153301020—3602015/163402000—360Бары9103020—960 ЛиверпульПремьер-лига2016/171006000—1602017/1819010130—330Бары2907013000490Бүкіл карьерасында1470100150001720

Дереккөздер

Сілтемелер Ливерпуль ФК сайтындағы профилі

Санат:Германия футболшылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары Санат:Майнц 05 ФК ойыншылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары