Барбадос — Гренада футбол матчы — 1994 жылғы Кариб елдерінің кубогындағы ерекше, күлкілі матч. Матч 1994 жылы 27 қаңтарда Барбадостағы Ұлттық стадионда өтті.
Матчқа дейін 1994 жылы Кариб елдерінің кубогы турниріне федерация басшылары "Алтын гол" атты қызықты ережені енгізеді. Кейіндеу ФИФА енгізген "Алтын голдан" айырмашылығы — топтық турнирде де ойын тең аяқталса тағы екі тайм ойнайды, және бір гол соғыла қалса, сол сәтте ойын аяқталады. Одан бөлек, ол гол екі гол деп саналатын болды (мәселен, 2:2 боп тұрған кезде алтын гол соғылса, 4:2 болады).
Матчқа дейінгі турнир кестесі. КомандаОҰТЖСДЖД+-Ұ110020 +23210112−13100101−10
Матч Барбадос пен Гренада арасындағы кездесу өзгелерден ерекше аяқталады, Гренада құрамасы екі доппен жеңілмесе болды, келесі сатыға өтеді, Ал Барбадос тиісінше жоқ дегенде екі доп айырмасымен ұтуы керек. Барбадостықтар 83 минутқа дейін 2:0 есебімен ұтады да, бір гол жіберіп алады. Енді қалайда үшінші голды соғуы тиіс. Бірақ үшінші голды соғудың реті келмейді де, ақыр соңында қулыққа көшіп, өз қақпаларына гол соғады. Ондағы мақсаттары — негізгі уақытты 2:2 есебімен аяқтап, қосымша таймдарда қалайда бір гол енгізу керек те, 4:2 есебімен жеңіске жету керек.
Олардың бұл мақсатын гренадалықтар сәл кейінірек аңғарады да, енді олар да матчты 2:3 есбімен аяқтау үшін өз қақпаларына гол соқпақ болады. Енді Барбадос футболшыларына тіпті ауыр соқты, өз қақпаларын қорғаумен қатар, қарсыластың қақпасын да қорғап әлекке түседі. Абырой болғанда, негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталады.
Қосымша таймдарда Барбадос бір гол соғады да, ол гол екі гол есебінде саналып, 4:2 есебімен ұтып, мақсаттарына жеткен екен.
Матчтан соң Матчтан кейінгі қорытынды турнир кестесі КомандаОҰТЖСДЖД+-Ұ210143 +1321014403210112−13 Барбадос құрамасы өздеріне керекті ұпайды жинайды да, келесі сатыға өтеді.
Турнир біткен соң басшылар қайтадан "Алтын гол" ережесін алып тастайды .
Дереккөздер
Санат:Барбадос Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Гренада Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Футболдан Кариб кубогы Санат:1994 жылғы футбол