Джейсон Кристофер Тейтум (; 3 наурыз 1998 жыл, Сент-Луис, Миссури, АҚШ) — америкалық профессионалды баскетбол спортының ойыншысы. Ұлттық баскетбол қауымдастығының «Бостон Селтикс» тобының мүшесі. Жеңіл форвард позициясында ойнайды. Студенттік кезінде Дьюк университетінің құрама тобында ойнаған. 2017 жылдың ҰБҚ драфтының бірінші раундында 3-нөмірлі болып таңдалынады.
Мектептегі мансап
Джейсон Шаминад (Крив-Коеур, Миссури) даярлық мектебінде білім алады.It's not hype if you can do it, and Chaminade's Jayson Tatum can. Foxsports.com (2015-01-15). Retrieved on 2018-01-29.Hochman: Like godfather, like godson — Jayson Tatum is on track for NBA . Stltoday.com. Retrieved on 2018-01-29. Бірінші сыныпта ол бір ойында 13,3 ұпай мен 6,4 доп қағу нәтижесін көрсетеді. Кейін екінші сыныпта бұл көрсеткіш 26 ұпай мен 11 доп қағуға дейін жақсарады.
Үшінші сынып кезінде Тейтумның көрсеткіштері 25,9 ұпай, 11,7 доп қағу және 3,7 доп беруді құрайтын болады. 2015 жылдың жазында Джейсон АҚШ-тың әуесқойлар лигасында ойнайтын St Louis Eagles тобына қосылады.
Мектепті бітірер жылдың алдында Тейтум кезінде өз әкесі оқыған Дьюк университетінің тобында ойнамақ мақсатын білдіреді. Сол кездегі оның соңғы мектептік сезондағы басты жетістіктері Монк Малик және оның Бентонвил мектеп командасына қарсы ойынында жеткізген 40 ұпай мен 17 доп қағуы, Хантингтон даярлық мектебіне қарсы ойынындағы 46 ұпайы және Маркелла Фульц пен оның католиктер мектебі ДеМат-қа қарсы ойынындағы 40 ұпайы болды. Жалпы алғанда, төртінші сыныпта оның орта көрсеткіштері 29,6 ұпай, 9,1 доп қағуды құрады. 2016 жылы Джейсон Gatorade жыл ойыншысы атанады. 2016 жылдың қаңтар айында ол McDonald's All-American ойындарына қатысып, дағдылар бойынща конкурста бас жүлдені иеленеді. Сонымен қатар ол негізгі ойынға қатысып, 18 ұпай мен 8 доп қағу көрсеткішін көрсетеді. Сонымен қатар Тейтум Jordan Brand Classic және Nike Hoop Summit ойындарына да қатысады.
Колледждегі мансабы Тейтум ҰБА (НБА) драфтының бес жұлдызды үміткері ретінде бағаланды және ESPN нұсқасы бойынша 2016 жылғы ең үздік ойыншылар тізімінде 3-ші орынға жайғасты.ESPN Recruiting Nation: Jayson Tatum Basketball Player Profile Rankings.Scouting Report: Why Jayson Tatum is a top-3 prospect for the 2016 class.Rivals.com: Five-star forward Jayson Tatum commits to Duke. 2016 жылы Джейсон Дьюк университетіне оқуға түсіп, «Дьюк Блю Девилз» командасы сапында өнер көрсетті.Duke Blue Devils Official Men's Basketball Roster: Jayson Tatum Profile.Jayson Tatum's freshman season statistics and highlights at Duke University.
Колледждегі алғашқы оқу жылы аяқталғаннан кейін, Тейтум 2017 жылғы ҰБА драфтына өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді. Сарапшылар оны бірінші раундта таңдалады деп болжады.Duke forward Jayson Tatum declares for the 2017 NBA Draft.
Кәсіби мансабы Бостон Селтикс (2017—қазіргі уақыт) 2017 жылдың 22 маусымында Джейсон Тейтум ҰБА драфтында жалпы 3-ші нөмірмен «Бостон Селтикс» командасы тарапынан таңдалды.NBA Draft 2017: Boston Celtics select Jayson Tatum with No. 3 pick. 2017 жылдың 1 шілдесінде ол «Селтикспен» келісімшартқа отырды.Celtics Sign Rookie Forward Jayson Tatum to Multi-Year Contract. Ютада өткен ҰБА жазғы лигасы кезінде Тейтум әр ойында орташа есеппен 18,7 ұпай жинап, 9,7 рет доп қағып алды (подбор), сондай-ақ 2,3 рет допты тартып алып (перехват), 2 нәтижелі пас берді. Кейін Лас-Вегаста оның көрсеткіштері орташа есеппен 17,7 ұпайды, 8 рет доп қағып алуды, 1 пасты және 0,8 блок-шотты құрады.
ҰБА-дағы дебюттік матчында «Кливленд Кавальерс» командасына қарсы ойнаған Тейтум бірден дабл-дабл (14 ұпай және 10 рет доп қағып алу) жасады.Jayson Tatum shines in NBA debut with double-double against Cavaliers. Ол өзінің мансабындағы рекордтық 24 ұпайын 2017 жылдың 24 қазанында «Нью-Йорк Никске» қарсы ойында орнатты.Tatum scores career-high 24 points as Celtics beat Knicks. 2017 жылдың желтоқсанында жас баскетболшы ҰБА Шығыс конференциясының айдың үздік жаңа ойыншысы (новичек) болып танылды.
«Селтикс» тұрақты чемпионатты 55-27 нәтижесімен Шығыс конференциясында екінші орында аяқтады. «Милуоки Бакс» командасына қарсы плей-офф кезеңінің алғашқы ойынында Тейтум 19 ұпай жинап, 10 рет доп қағып алып, тағы да дабл-дабл тіркеді.Celtics vs. Bucks Postgame Report: Tatum's double-double leads to Game 1 win. Төртінші ойында ол 21 ұпай, ал алтыншы ойында 22 ұпай еншіледі.NBA Playoffs: Jayson Tatum's consistent scoring keeps Celtics alive. Баскетболшының жетінші ойында жинаған 20 ұпайы Бостонды келесі раундқа алып шықты.Game 7 Recap: Celtics eliminate Bucks behind Tatum's clutch performance. Екінші раундтың алғашқы ойынында «Филадельфия Севенти Сиксерс» командасына қарсы белдесуде Тейтум плей-оффтағы жеке рекордын орнатып, 28 ұпай жинады және оның командасы жеңіске жетті.Tatum scores playoff career-high 28 points in Game 1 victory over 76ers. Джейсон Ларри Бёрдтен кейін плей-офф ойынында 25-тен астам ұпай жинаған Бостонның алғашқы жаңа ойыншысы атанды.Jayson Tatum matches Larry Bird's rookie playoff scoring record.
2020 жылғы маусымаралық үзілісте ойыншы «Селтикспен» келісімшартты қайта жаңартты. Жаңа келісім 5 жылға есептелген, ал Тейтум келісімшарттың барлық шарттары орындалған жағдайда 195 миллион АҚШ долларын ала алады.Jayson Tatum agrees to 5-year, $195 million max contract extension with Celtics.
2023 жылдың 19 ақпанында ҰБА-ның Барлық жұлдыздар матчында Тейтум 55 ұпай жинап, 10 рет доп қағып алып, 6 нәтижелі пас берді. Осылайша ол Энтони Дэвистің (52 ұпай) алдыңғы рекордын жаңартып, матчтың ең құнды ойыншысы (MVP) марапатын иеленді.Jayson Tatum scores historic 55 points, wins All-Star Game MVP. Сондай-ақ, Тейтум ҰБА тарихында тұрақты маусымда, плей-оффта және Барлық жұлдыздар матчында кемінде 50 ұпай жинаған алғашқы ойыншы атанды.Jayson Tatum becomes first player with 50-point games in regular season, playoffs, and All-Star.
2023 жылдың 31 наурызында «Милуоки Баксқа» қарсы өткен матчта Тейтум «Селтикс» сапында 40 және одан да көп ұпай жинаған ойындар саны бойынша Пол Пирстің рекордын жаңартты.Tatum passes Paul Pierce for second-most 40-point games in Celtics history.
2022/23 жылғы маусымда Джейсон Тейтум тұрақты маусымның қорытындысы бойынша орташа есеппен 30 және одан да көп ұпай жинаған «Бостон» тарихындағы 1-ші ойыншы болды.Jayson Tatum finishes season averaging 30.1 PPG, making franchise history.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Биография игрока в Дьюке Профиль на сайте usab.com
Ескертпелер
Санат:«Дьюк Блю Девилз» ойыншылары Санат:«Бостон Селтикс» ойыншылары