Қалыбай Дүрманов (25 қаңтар 1941 жылы туған, Жалағаш ауданы, Ақарық ауылы) – ғалым, медицина ғылымының докторы (1987), профессор.
Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ) бітірген (1967). 1967 – 1970 ж. Қызылорда облысы ауруханасында хирург, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1977 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында қызметте. Ғылыми еңбектері тері мен еріннің қатерлі және қатерлі ісік алды ауруларын, созылмалы остеомиелит ауруын лазер сәулесімен емдеуге арналған. 115 ғылыми еңбектің авторы.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1941 жылы туғандар Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан дәрігерлері