Әлкей Марғұлан (2006 жылға дейін – Көктөбе)Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Әлкей Марғұлан ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Екібастұз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 104 км-дей жерде, Шідерті өзенінің (Ертіс-Қарағанды каналының) оң жағасында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен798505 491 97,2 279 269 96,4 226 222 98,2

Тарихы Іргесі 1962 жылы тың жерлерді игеруге байланысты құрылған “Степной” қой кеңшарын құруға сәйкес қаланды. Оның негізінде Көктөбеде шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылда байланыс бөлімшесі, орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Батысынан Ерейментау тауларын бойлай Павлодар–Қарағанды автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

Дереккөздер

Санат:Екібастұз қалалық әкімдігі елді мекендері