Теофило Хуан Кубильяс Арисага (; 8 наурыз 1949 жыл, Пуэнте-Пьедра) — перулік футболшы, жартылай қорғаушы. Перу Ұлттық құрамасы сапында ойнаған.

Мансабы Кубильяс үш бірдей әлем чемпионатына қатысты. 1970 жылғы әлем біріншілігінде құраманың топтын шығуына көмектесті. Бұл турнирде Кубильяс бес гол соқты. 1978 жылы да осынша гол соғып, әлем чемпионаттарында енгізген голдар санын 10-ға жеткізіп, мергендер көшінде бірнеше футболшымен 7-орынды бөлісіп тұр.

1985 жылы карьерасын аяқтады. Бірақ кезінде өзі бірнеше жыл доп тепкен "Альянс" командасы әуе апаты кезінде көптеген футболшыларын жоғалтып алды да, командағы жәрдем беру үшін футболшылық мансабын қайта жаңғыртты.

Перу құрамасы тарихындағы ең үздік футболшы атанған.

Құрама сапындағы голдары ДатаҚарсыласЕсепГолТурнир8 мамыр 1969Колумбия3:11ЖО9 шілде 1969Парагвай2:12ЖО17 тамыз 1969Боливия3:01ӘЧ-1970 іріктеуі7 ақпан 1970Чехословакия2:11ЖО9 ақпан 1970Румыния1:11ЖО24 ақпан 1970Болгария5:31ЖО2 маусым 1970Болгария3:21ӘЧ-19706 маусым 1970Марокко3:02ӘЧ-197010 маусым 1970ГФР1:31ӘЧ-197014 маусым 1970Бразилия2:41ӘЧ-19705 сәуір 1972Мексика1:21ЖО23 сәуір 1972Румыния2:21ЖО4 наурыз 1973Гватемала5:12ЖО23 сәуір 1973Панама4:01ЖО20 тамыз 1975Чили3:11Америка кубогы 197530 қыркүйек 1975Бразилия3:11Америка кубогы 197517 шілде 1977Боливия5:02ӘЧ-1978 іріктеуі3 маусым 1978Шотландия3:12ӘЧ-197811 маусым 1978Иран4:13ӘЧ-1978 ЖО — Жолдастық ойын

Жетістіктері

Командалық

Перу құрамасы

Америка кубогы жеңімпазы: 1975

«Альянса Лима»

Перу чемпионы (2): 1977, 1978

«Порту»

Португалия кубогы: 1977

Жеке

Оңтүстік Американың үздік футболшысы: 1972 Америка кубогының үздік футболшысы: 1975 Әлем чемпионатындағы үздік жас футболшы: 1970 ХХ ғасырдағы Перудің үздік футболшысы Либертадорес кубогының үздік мергені: 1972 (6 гол) Перу чемпионатының үздік мергені (2): 1966 (19 гол), 1970 (22 гол) Перу құрамасының үздік мергені: 26 гол ФИФА 100 тізіміне енген Үш бірдей әлем чемпионатына қатысқан жалғыз Перу футболшысы

Сілтемелер

worldfootball.net сайтындағы профилі

Санат:Перу футболшылары Санат:Перу Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Базель ФК ойыншылары Санат:Альянс Лима ФК ойыншылары