Британдық Вирджин аралдары Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Британ Вирджин аралдарының намысын қорғайтын құрама. Басқарушы орган — Британ Вирджиндері футбол федерациясы.

Ірі турнирлерде ФИФА және КОНКАКАФ мүшесі. Екі рет әлем чемпионаттарының іріктеулеріне қатысқан. Екеуінде алғашқы раундта-ақ жеңіліс тауып, жарыстан шығып қалды.

КОНКАКАФ Алтын кубогының финалдық турниріне қатыспаған. Кариб елдері кубогыне бір рет, 2008 жылы қатысып, топтық турнирден аса алмады.

Дереккөздер

Сілтемелер Қауымдастық сайты Ұлттық құрама жайлы ФИФА сайтында Құрама ойындары

Санат:Британдық Вирджин аралдары Ұлттық футбол құрамасы