Ферджани Сасси (, 18 наурыз 1992 жыл, Арьяна, Тунис) — тунистік футболшы, "Эсперанс" клубы мен Тунис Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы "Эсперанс" клубының түлегі. Карьерасын 2010 жылы "Сфаксьен" клубында бастады. Бес маусымдай ойнап, 79 ресми кездесуде алаңға шықты. 2015 жылы "Мец" клубына ауысып, бір жылдай өнер көрсетті. 40-қа жуық кездесуде алаңға шығып, бір гол соқты.

2016 жылы өзінің туған клубы "Эсперансқа" өтті.

Ұлттық құрамада 2013 жылдан бері Тунис Ұлттық құрамасында ойнайды. 2015, 2017 жылдары Африка Ұлттары кубогыне қатысты. 2018 жылы құрамамен бірге Ресейдегі әлем біріншілігіне барды. Алғашқы турда 0:1 есебімен ұтылып жатып, Англияның қақпасына пенальтиден гол соғып, есепті теңестірді. Бірақ бұл ойында Тунис ұтылып қалды - 1:2.

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы

Санат:Тунис футболшылары Санат:Эсперанс ФК ойыншылары Санат:Тунис Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары