Марко ван Бастен (, ; толық аты — Марсел ван Бастен, ; 31 қазан 1964 жыл, Утрехт, Нидерланд) — нидерланд футболшысы. Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының 80-90 жылдардағы ең үздік футболшыларының бірі. 1988 жылғы Еуропа чемпионы.

Мансабы Клубтық "Аякс" клубының түлегі. 1981-87 жылдары клуб сапында 133 ойын өткізді. 1987 жылы отандастары Руд Гуллит, Франк Райкаард үшеуі "Милан" футболшысы атанды. Алғашқы маусымда-ақ Италия чемпиондығына қол жеткізді, кейін қататынан екі жыл Чемпиондар кубогында топ жарды.

1993 жылы жарақатының кесірінен футболмен қоштасты.

Ұлттық құрама 1988 жылғы Еуропа чемпионатының финалында КСРО қақпасына "ғасыр голын" соқты. Екінші таймда әуелеп келген допты тоқтатпай қақпаға бағыттады, қақпадан өте қиғаш тұрса да, қақпашы Ринат Дасаевтың үстінен асыра қашық бұрышты дәл көздеді.

1990 жылы әлем чемпионатына, 1992 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Бапкерлік 2003 жылы бапкерлікке ауысты. 2004-2008 жылдары Нидерланд Ұлттық құрамасын жаттықтырды. 2006 жылғы әлем чемпионатынның 1/8 финалында Нидерланд 0:1 есебімен Португалиядан ұтылып қалғанына қарамастан, келісім шарт тағы екі жылға созылды.

2008 жылғы Еуропа чемпионатында Нидерланд топтық кезеңнің барлық кездесуінде жеңіске жетті. Бірақ 1/8 финалда күтпеген жерде Ресейден 1:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл Ван Вастеннің құрама бапкерлігі ретінде соңғы ойыны болды.

Сол жылы "Аякс" бас жаттықтырушысы боп тағайындалды.

Жетістіктері

Командалық «Аякс»

Нидерланд чемпионы (3): 1981/82, 1982/83, 1984/85 Нидерланд кубогы (3): 1983, 1986, 1987 Кубок иелері кубогы: 1987

«Милан»

Италия чемпионы (4): 1987/88, 1991/92, 1992/93, 1993/94 Италия суперкубогы (4): 1988, 1992, 1993, 1994 Чемпиондар кубогы (2): 1989, 1990 Құрлықаралық кубок (2): 1989, 1990 УЕФА Суперкубогы (2): 1989, 1990

Нидерланд құрамасы

Еуропа чемпионы: 1988 Еуропаның қола жүлдегері: 1992

Жеке

Нидерланд чемпионатының мергені (4): 1984, 1985, 1986, 1987 Италия чемпионатының мергені (2): 1990, 1992 Нидерландының жыл футболшысы: 1985 «Алтын бутсы» иегері: 1986 «Алтын доп» иегері (France Football) (3): 1988, 1989, 1992 Еуропаның үздік футболшысы (Onze d’Or) (2): 1988, 1989 ФИФА жыл футболшысы: 1992 Чемпиондар кубогының мергені: 1989 ФИФА 100

Дереккөздер

Сілтемелер Ван Бастенге арналған сайт Биографиясы Марко Ван Бастен

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК жаттықтырушылары Санат:АЗ Алкмаар ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары Санат:Алтын доп иегерлері