Анте Ребич (; 21 қыркүйек 1993 жыл, Сплит, Хорватия) — хорват футболшысы, «Бешикташ» футбол клубы мен Хорватия Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Мансабы 2013 жылдан бері Италияның "Фиорентина" клубына тиесіні спортшы болғанымен түрлі клубтарға жалға беріліп, Флоренциялық клубтың сапында бір маусым ғана ойнады.

2016 жылдың жазында Германияның "Айнтрахт" клубына жалға кетті де, онда екі маусым доп тепті. 2017-18 маусымда клубтық деңгейдегі тұңғыш жүлдесіне қол жеткізді: "Айнтрахт" 19 мамырда "Баварияны" ұтып, Германия кубогының иегері атанды. Бұл ойында Ребич екі гол соқты..

2018 жылдың жазында франкфурттық команда Ребичті өздеріне түпкілікті сатып алды.

Ұлттық құрамада 2013 жылдан бері ойнап келеді. 2014 және 2018 жылғы әлем біріншілігіне қатысты. 2018 жылғы турнирдің екінші кездесуінде аргентиналық қақпашы Кавальероның қателігін пайдаланып есеп ашты. Бұл оның құрамадағы екінші голы болатын.

Жетістіктері «Айнтрахт»

Германия кубогы — 2017/18 «Милан»

Италия чемпионы: 2021/22

Хорватия

Әлем чемпионатының финалисі: 2018

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:21 қыркүйекте туғандар Санат:Сплитте туғандар Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сплит ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:РБ Лейпциг ФК ойыншылары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Майндағы Франкфурт ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары