Такаси Инуи (; 2 маусым 1988, Омихатиман) — жапон футболшысы, "Эйбар" футбол клубы мен Жапония құрамасының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы 2011 жылға дейін Жапония клубтарында ойнап, 2011 жылы Германияның "Бохум" клубымен келісім шарт жасасты. Содан бері тек Еуропада доп теуіп келеді.

Ұлттық құрамада алғаш рет 2009 жылы 20 қаңтар күні Йемен құрамасымен ойында алаңға шықты. 2013 жылы Конфедерациялар кубогына, 2015, 2019 жылдары Азия кубогына, 2018 жылы Әлем чемпионатына қатысты.

2018 жылғы әлемдік доданың топтық турниріндегі екінші матчта Сенегал құрамасының қақпасына бір гол енгізді. Бұл кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Жетістіктері

Азия кубогының финалисі: 2019

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Иокогама Ф. Маринос ФК ойыншылары Санат:Сересо Осака ФК ойыншылары Санат:Бохум ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Майндағы Франкфурт ФК ойыншылары Санат:Эйбар ФК ойыншылары Санат:Реал Бетис ФК ойыншылары Санат:Жапония футболшылары Санат:Жапония Ұлттық футбол құрамасының ойыншыларыСанат:Алавес ФК ойыншыларыСанат:Эйбар ФК ойыншылары