Леовижилдо Линс да Гама Жуниор (; 29 маусым 1954 жыл, Жуан-Песоа, Параиба штаты, Бразилия) — бразилиялық футболшы, Бразилия ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғанысында ойнаған.

Карьерасы Ұлттық құрама сапында 74 кездесу өткізіп, 5 гол соққан.1992 жылы 37 жасында Бразиллияның үздік футболшысы атанды (ең жасы ұлғайған үздік футболшы саналады). "Фламенго" клубы сапында 857 ойын өткізіп, рекорд жасадыПрофиль на sitedojunior.com.br , ресми емес матчтарын қосқанда — 877 ойынМатчи Жуниора за «Фламенго» . ФИФА 100 тізіміне енген.

1982, 86 жылдары әлем чемпионатына, 1976 жылы Монреальда өткен Жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысты. 1983 жылы Америка кубогының күміс жүлдегері атанды. 1997-2000 жылдары Жағажай футболынан ұлттық құрама сапында әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері Командалық Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 1974, 1978, 1979, 1979, 1981, 1991 Олимпиада алдындағы турнир жеңімпазы: 1976 Гуанабара кубогы: 1978, 1979, 1980, 1981, 1982 Рамон Карранс жүлдесінің жеңімпазы: 1979, 1980 Бразилия чемпионы: 1980, 1982, 1983, 1992 Либертадорес кубогы: 1981 Құрлықаралық кубок: 1981, 1990 Италия кубогы: 1986 Бразилия кубогы: 1990 Рио жүлдесінің иегері: 1991

Жеке Бразилиядағы "Күміс доп" иегері: 1980, 1983, 1984, 1991, 1992 Бразилиядағы жыл футболшысы: 1992

Жағажайдағы футбол Әлем чемпионы: 1997, 1998, 1999, 2000 Әлем чемпионатының үздік футболшысы: 1995, 1997, 1998, 2000 Әлем чемпионатының үздік мергені: 1997 (11 гол), 1998 (14 гол), 1999 (10 гол), 2000 (13 гол)

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (sitedojunior.com.br) Профилі (Флапедия) Профилі Профилі Футболшы жайлы (santistaroxo)

Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Торина ФК ойыншылары Санат:Пескара ФК ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары