Сарысай – Байқоңыр алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде.
Бастауы Майтөбе тауының (Ұлытау) солтүстік батыс етегіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі. Байқоңыр өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 30 км.
Гидрологиясы Жағасы тік жарлы, ирелең. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, шілде де деңгейі мүлде төмендейді, жаздың ыстық айларында жеке қара суларға бөлініп қалады. Өзен алабы жайылымдық, суымен мал суарылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы