Василий Павлович Соловьев-Седой (1907 — 1979) — кеңестік композитор, РКФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1956), РКФСР халық әртісі (1957), КСРО халық әртісі (1967), Социалисттік Еңбек Ері (1975)Василий Соловьев-Седой.

Өмірбаяны 1907 жылдың 12 (25) сәуірінде Петербургте туған.

Кәсіби карьерасын 1925 жылы пианист-импровизатор ретінде Ленинградтық радиода, көркем гимнастика студиясында және өз-өзді құрылған ұжымдарда бастаған.

1936 жылы Ленинградтық консерваторияны бітірген (педагог П. Рязанов).

Ұлы Отан соғысы жылдары - «Ястребок» кіші формалы фронт театрының көркем жетекшісі (1941-1942).

1948-1964 жылдары — композиторлар Одағының Ленинградтық отделы басқарма төрағасы, 1957-1974 жылдары — КСРО композиторлар Одағының секретарі.

1960 жылдан — РКФСР композиторлар Одағының секретарі.

3-5-інші шақырылымдардың КСРО Жоғарғы Кеңес депутаты (1950-1962).

1979 жылдың 2 желтоқсанда Ленинградта қайтыс болды. Ленинградтағы Литераторлар мостогындағы Волков мазарында жерленген.

Шығармашылығы "Тарас Бульба" (1940, 2-нші редакция — 1955), "В порт вошла "Россия"" (1964) балеттерінің; "Верный друг" (1945), "Самое заветное" (1952), "Олимпийские звезды" (1962), "Восемнадцать лет" (1967), "У родного причала" (1970), "Жил-был Шельменко" (1978) опереттерінің; вокалдық циклдардың, драмалық спектаклдерге жазылған музыкалар авторы.

Әндер (400-ден аса): "Сказ о солдате" ән циклі (1947, ән цикл арасында "Колыбельная", "Поет гармонь за Вологдой", "Где же вы теперь, друзья-однополчане" әндері) "Гибель Чапаева" (1936) "Таежная" (1938) "Играй, мой баян" "Вечер на рейде" (1941) "На солнечной поляночке" "Как за Камой, за рекой" (1943) "Соловьи" "Ничего не говорила" (1944) "Давно мы дома не были" (1945) "Едет парень на телеге" (1946) "Моя родная сторона" "Комсомольская прощальная" (1947) "Где ж ты, мой сад" (1948) "Студенческая попутная" (1959) "Камыши" (1949) "Азовская партизанская" (1952) "Золотые огоньки" (1947) "Наш город" ("Над Россиею небо синее", 1945) "Подмосковные вечера" (1956) "Если бы парни всей земли" (1957).

Естелік Санкт-Петербургте, композитор түрған үйде мемориалды тақта қойылған. 2007 жылы композитордың 100-жылдығына Ресей банкісі күміс тиын шығарды.

Марапаттары Екінші дәрежелі Сталин премиясы (1943) — «Вечер на рейде», «Песня мщения», «Играй, мой баян…» әндері үшін Екінші дәрежелі Сталин премиясы (1947) — «Пора в путь-дорогу…», «Давно мы дома не были…», «Едет парень на телеге…», «Стали ночи светлыми…» әндері үшін Ленин премиясы (1959) — «В путь», «Вёрсты», «Если бы парни всей земли», «Марш нахимовцев», «Подмосковные вечера» әндері үшін. Социалисттік Еңбек Ері(1975). Үш дүркін Ленин ордені иегері (1957, 1971, 1975). Қызыл Жұлдыз ордені (1945).

Дереккөздер

Санат:КСРО сазгерлері