Асамоа Гьян (; 22 қараша 1985https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/26802, Аккра) — ганалық футболшы, шабуылшы.

Қатысқан турнирлері

2004 - Жазғы Олимпиада ойындары 2006 - Әлем чемпионаты 2008 - Африка кубогы 2010 - Африка кубогы 2010 - Әлем чемпионаты 2012 - Африка кубогы 2013 - Африка кубогы 2014 - Әлем чемпионаты 2015 - Африка кубогы 2017 - Африка кубогы 2019 - Африка кубогы

2010 жылғы әлем біріншілігі 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен әлем біріншілігін Гана құрамасы сәтті бастады. Алғашқы турда Асамоа Гьян соққан пенальтиден соң Сербияны 1:0 есебімен ұтты. Келесі ойында да Гьян Аустралия қақпасына пенальти соқты, бірақ бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Үшінші турда Германиядан ұтылғанына қарамастан, Гана екінші орынмен 1/8 финалға шықты.

1/8 финалда Гана АҚШ-пен кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды. 93-минутта Гьянның соққан голы құраманы ширек финалға алып шықты (Гана құрамасы әлем чемпионаттарында ширек финалға шыққан тарихтағы екінші африкалық команда).

Ширек финалда да Уругваймен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бірақ 120 минутта Гьян жартылай финалға жететін керемет мүмкіндікті жоққа шығарып, белгіленген пенальтиді енгізе алмады. Пенальтилер сериясында Гана ұтылып қалды.

Жетістіктері Командалық

Ренн

Франция кубогының финалисі: 2008/09

Аль-Айн

БАӘ чемпионы (3): 2011/12, 2012/13, 2014/15 БАӘ перзиденті кубогы: 2013/14 БАӘ суперкубогы: 2012

Гана құрамасы

Африканың күміс жүлдегері (2): 2010, 2015 Африканың қола жүлдегері: 2008

Жеке

Африканың үздік футболшысы (1): 2010 Африка кубогының символикалық құрамы (2): 2010, 2013 БАӘ чемпионатының мергені (3): 2011/12, 2012/13, 2013/14 Ганадағы жыл ойыншысы (2): 2010, 2013 Гана құрамасының әлем чемпионаттарындағы үздік мергені: 6 гол

Басқа да фактілер

Гьян — әлем чемпионаттарында екі рет пенальтиден жаңылысқан тарихтағы жалғыз футболшы (2006 — Чехиямен ойында, 2010 — Уругваймен ойында) Ағасы Баффур Гьян да кәсіпқой футболшы, Гана құрамасында ойнаған.

Дереккөздер

Сілтемелер Профиль Статистикасы Статистикасы Статистикасы

Санат:Гана футболшылары Санат:Гана Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сандерленд ФК ойыншылары Санат:Кайсериспор ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Ренн ФК ойыншылары Санат:Шабаб Әл-Ахли ФК ойыншылары Санат:Әл-Айн ФК ойыншылары Санат:Норт-Ист Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Легон Ситис ФК ойыншылары