«Сөз» (ағыл. The Words) — 2012 жылы түсірілген режиссерлер Брайан Клагман мен Ли Стернталдың драма-фильмі. Бұл фильм олардың алғашқы туындысыhttp://www.tagesanzeiger.ch/kultur/kino/Lila-Worte/story/19189678. Тұсаукесері 2012 жылы 27 қаңтар күні Сандэнс кинофестивалінде өттіhttp://www.hollywoodreporter.com/risky-business/sundance-2012-bradley-coopers-words-283786.
Сюжеті Фильмде жолы болмаған жазушы Роридің тағдыры жайлы баяндалады. Жазғандарын еш баспа қабылдамай, тауы шағылып жүрген жас жазушы бір күні портфель тауып алады. Ішінен біреудің қолжазба күйінде қалған дайын романы шығады. Оқып көрсе, американ солдаты мен француз даяшысының баянсыз махаббаты жайлы жазылған екен.
Қолжазба ұнайды да, дереу өз атынан кітап қылып бастырады. Кітап жарыққа шыққаннан мұның атағы жер жарып, бірден танымал қаламгерге айналады. Солай атақ пен абыройдан басы айналып жүрген кезде баяғы портфельдің иесі, романның шын авторы келеді. Ол қарт кісі екен. Ол мұнымен біраз әңгімелеседі. Рори оның романның шын авторы екенін біліп есеңгіреп қалады.
Осы жәйттің себебімен әйелімен кикілжіңге келіп, өмірі күл-талқан бола бастайды. Ар азабынан құтыла алмай, баспаға барып, кітаптан өз есімін алып тастауды өтінеді, онысынан ештеңе шықпайды. Қартты өзі іздеп барады да, табысымен бөлісуді ұйғарады, алайда ашулы қарт "сен менің өміріме айналған сөзді ұрладың" деп мұны қуып шығады. Кетерінде бұл қартқа "сіздің кітабыңыз маған өте қатты ұнайды" деп айтады.
Бір ай өткен соң қарт қайтыс болады.
Басқа да фактілер Түсірілім 2011 жылы 7 маусымда Монреальда басталды.
Фильмге сын айтушылар дерлік болған жоқ, көрермендер аса жоғары ықыласпен тамашалады.
Рөлдерде Брэдли Купер — Рори Джэнсен Оливия Уайлд — Даниэлла Зои Салдана — Дора Дженсен Джереми Айронс — қарт Бен Барнс — романдағы жас жігіт Нора Арнезедер — Селия Деннис Куэйд — Клэй Хаммонд Дж. К. Симмонс — мистер Дженсен Джон Ханна — Ричард Форд Желько Иванек — Джозеф Катлер Рон Рифкин — Тимоти Эпштейн
Дереккөздер
Сілтемелер Фильмді Internet Movie Database сайтынан тамашалау
Санат:АҚШ драма-фильмдері