Кирово — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл, Киров ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Тайынша қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде, Сандыкөл көлінің солтүстік-батыс жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 990 адам (487 ер адам және 503 әйел адам) болса, 2009 жылы 680 адамды (327 ер адам және 353 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Тайынша ауданы елді мекендері