Новодворовка — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы, Яснополян ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Тайынша қаласынан шығысқа қарай 38 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 701 адам (345 ер адам және 356 әйел адам) болса, 2009 жылы 349 адамды (170 ер адам және 179 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Тайынша ауданы елді мекендері