Антонио Ди Натале (; 13 қазан 1977https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/6031, Неаполь) — италиялық футболшы, шабуылшы. 2012 жылғы Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері.
Мансабы Ұзақ жылдар бойы "Удинезе" сапында ойнаған. Клубта 400-шге жуық ойын өткізіп, 200-ге тарта гол соқты. Ұлттық құрамаға 2002 жылы шақырылғанымен, алғаш қатысқан ірі турнирі 2008 жылғы Еуропа біріншілігі. Одан соң 2010 жылы әлем чемпионатына, 2012 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. 2012 жылғы ЕУРО-ның бірінші кездесуінде Испанияның қақпасына бір доп соқты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
2016 жылы "Удинезеде" ойнап жүріп карьерасын аяқтады. Қазір "Специя" клубында қақпашылар бапкері.
Жетістіктері
Жеке
Ширеа сыйлығының иегері: 2011 Италия чемпионатының үздік мергені (2): 2010, 2011 «Удинезе» клубы тарихындағы ең көп гол соққан футболшы: 224 гол
Дереккөздер
Сілтемелер Профиль Статистика
Санат:Италия футболшылары Санат:Эмполи ФК ойыншылары Санат:Иперцола ФК ойыншылары Санат:Варезе ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары