Ерлан Жаңатайұлы Оразаев (4 сәуір 1979 жыл) — қазақстандық футболшы, шабуылшы. 1999 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Карьерасы 1990 жылдары қазақ балаларынан құралған "Намыс" футбол клубының түлегі. Кейін қаршы тапшылығынан клуб тарап кетті де, Алматының "Қайратына" ауысты.

Алматылық клубтың екінші командасында ойнап жүріп Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасына шақырылды. Алғашқы ойынын 1998 жылы 24 мамырда Тәжікстан жастарына қарсы өткізді. Бұл кездесуде Қазақстан жастары 5:0 есебімен жеңіске жетті.

21 жасқа дейінгі құрама сапында 1999 жылы Нигерияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Бұл турнирде құрама үш ойында да ұтылып, бір ғана гол соқты, ол голды Ерлан Хорватия жастарының қақпасына енгізді.

Тарихи голдың авторы негізгі құрамада бір ғана ойын өткізді. Қазақстан құрамасының бапкері Владимир Фомичев 2000 жылдың соңында сырт алаңда БАӘ құрамасына қарсы ойында алаңға шығарды. Бұл ойында Қазақстан 2:5 есебімен ұтылып қалды. Осы жеңілістен соң Фомичев қызметінен босады да, Ерланды ешкім қайтадан құрамаға шақырған жоқ.

Кейін "Жетісу", Қайрат", "Маңғыстау", "Алматы" клубтарында ойнады да, 2006 жылы жарақатының кесірінен футболмен ерте қоштастыhttp://www.sports.kz/frontend/news/print/slug/gde-vyi-bombardiryi.

Жетістіктері

Командалық

Қазақстан кубогы: 2000 Дереккөздер

Сілтемелер footballfacts.ru сайтындағы профилі

Санат:4 сәуірде туғандар Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Каспий ФК ойыншылары Санат:Алматы ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары