Юрис Лайзанc (; 6 қаңтар 1979 жыл, Рига, Латыш КСР) — латыш футболшысы, шабуылшы. Қазір бапкерлікпен айналысады.
Карьерасы Рига футболының түлегі. "Сконто" командасында кәсіпқой карьерасын бастады да, Достастық елдері кубогында Мәскеудің ЦСКА клубының селекционерлерінің көзіне түсті. 2000 жылы ЦСКА-ға ауысты. ЦСКА сапында 2005 жылға дейін тұрақты ойнап, 2005 жылы УЕФА кубогының жеңімпазы атанды. Лайзанс осы турнирде жеңімпаз атанған тұғыш латыш футболшысы.
2005 жылы жазда тағы бір мәскеулік клуб — "Торпедоға" өтті. Бұдан кейін Лайзанс тұрақты ойнай алмай, жиі клуб ауыстырып отырды да, 2014 жылы карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама сапында 100-ден аса ойында алаңға шықты. 2004 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық
Латвия чемпионы (3): 1998, 1999, 2000 Латвия чемпионатының күміс жүлдегері (2): 2009, 2013 Ресей чемпионы: 2003 Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 2004 Ресей суперкубогы: 2001/02, 2004/05, 2005/06 Кубка УЕФА кубогы (1): 2004/05
Жеке
Латвияның үздік футболшысы: 2002
Сілтемелер «Вентспилске» өтуі Лайзанс Факелден кетті
Санат:6 қаңтарда туғандар Санат:Латвия футболшылары Санат:Сконто Рига ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Торпедо Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Ростов ФК ойыншылары Санат:Кубань ФК ойыншылары Санат:Шинник ФК ойыншылары Санат:Факел ФК ойыншылары