Жан-Пьер Папен (; 5 қараша 1963, Булонь-сюр-Мер, Франция) — француз футболшысы, шабуылшы. Франция Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Мансабы Карьерасында "Олимпик Марсель", "Милан", "Бавария", "Бордо" секілді атақты клубтарда және басқа да Францияның төменгі лигаларындағы түрлі командаларында ойнап, 2006 жылы 43 жасында карьерасын аяқтады. 2009 жылы карьерасын қайта жаңғыртып, "Фактюр Бигано" әуесқой клубында ойнап, үш кездесуде үш гол соқты.

Футбол ойнауды доғарған соң бапкерлікпен айналысты.

Ұлттық құрамадағы дебютін 1986 жылы өткізіп, сол жылы Мексикада өткен әлем чемпионатына қатысты. Топтық турнирдің алғашқы ойынында Канаданың қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды соқты (Бұл ӘЧ тарихындағы 1200-ші гол). Үшінші орын үшін ойында да Бельгияның қақпасына бір гол енгізді.

Жетістіктері

Жеке

Францияның жыл футболшысы (2): 1989, 1991 Франция чемпионатының үздік мергені (5): 1988 (19 гол), 1989 (22 гол), 1990 (30 гол), 1991 (23 гол) и 1992 (27 гол) Чемпиондар кубогының үздік мергені (3): 1990 (6 гол), 1991 (6 гол) және 1992 (7 гол) («Олимпик» Марсель) ФИФА 100 тізіміне енген Алтын доп иегері: 1991

Командалық

ӘЧ-1986 қола жүлдегері Чемпиондар лигасы: 1994 («Милан») УЕФА кубогы: 1996 («Бавария» Мюнхен) Франция чемпионы (4): 1989, 1990, 1991, 1992 («Олимпик» Марсель) Италия чемпионы (2): 1993, 1994 («Милан») Италия суперкубогы: 1992 («Милан») Бельгия кубогы: 1986 («Брюгге») Франция кубогы: 1989 («Олимпик» Марсель)

Сілтемелер Профилі

Санат:5 қарашада туғандарСанат:Франция футболшыларыСанат:Валансьен ФК ойыншыларыСанат:Брюгге ФК ойыншыларыСанат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Бордо ФК ойыншылары Санат:Генгам ФК ойыншылары Санат:Ланс ФК жаттықтырушылары Санат:Франция футбол жаттықтырушылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Алтын доп иегерлері