«Біздің сүйікті дәрігер» — толық метражды көркем фильм. 1957 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.
Сюжет Қазақстанның шипажайларының бірінде дәрігер Лавров қызмет етеді. Ақ халатты абзал жаннан ем қабылдаған кез келген азамат оның адамгершілігі мен өз ісінің шебері екенін мәңгілік жадында сақтайды. Дәрігер Лавровтың алпыс жылдық мерейтойының қарсаңында мәдениет қызметкері Бибігүл мен шипажай басшысының хатшысы Ксения Павловна концерттік кеш ұйымдастыруға дайындалады. Бірақ, шипажай басшысы Филькин кешті ұйымдастыру үшін кететін шығынмен келіспей, қаражат беруден бас тартады. Сонда Бибігүл жанына шипажайға демалуға келген суретші Мұрат пен оның әнші досы Тәкенді ертіп, әншілерді кешке қатысуға шақырады. Алайда, әншілер дәл сол кеште басқа жаққа барулары керектігін айтып, шақыруды қабылдамайды. Амалдары таусылған Бибігүл, Тәкен және Мұрат шипажайға келгенде, шақырған қонақтарын көріп, аң-таң болады. Барлық өнерпаздар қандай кешке баратындарын айтпаған соң, ұйымдастырушылар мен кеш қонақтары бір-бірлерін дұрыс түсінбеген екенБіздің сүйікті дәрігер.
Рөлдерде Анатолий Николаевич — Юрий Померанцев Бибігүл Тұрсынова — Роза Ысмайылова Спиридон Филькин — Евгений Диордиев Тәкен — Ермек Серкебаев Мұрат — Мүлік Сүртібаев Ксения Павловна — Валентина Старжинская драма актері — Шәкен Айманов актриса — Лидия Ашрапова драма актрисасы — Хадиша Бөкеева балетмейстер — Шара Жиенқұлова Серке — Серке Қожамқұлов аға лейтенант — Рахия Қойшыбаева әнші — Бибігүл Төлегенова секретарь — Мұхтар Бақтыгереев биші — Дина Жанғозина шаштараз — Таңат Жәйлібеков Қасабаев — Камал Қармысов сыпырушы — Зинаида Морская милиционер — Евгений Попов
Марапаттары «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін 1958 жылы Ташкент қаласында өткен Азия мен Африка мемлекеттерінің Халықаралық Кинофестивалінде Шәкен Аймановқа естелік диплом табысталды. Ал 1959 жылы Киев қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде Шәкен Айманов ынталандыру сыйлығын иеленді.
Дереккөздер
Санат:КСРО комедия фильмдері Санат:Қазақфильм фильмдері Санат:1957 жылғы фильмдер