Джон Ангус Пол Коллинз (; 31 қаңтар 1968 жыл, Галашилс, Скоттиш-Бордерс, Шотландия) — шотландиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол бапкері.

Карьерасы 1988 жылы 20 жасында Шотландияның жыл футболшысы атанды. 19 жылға созылған футболшылық карьерасында «Хиберниан», «Селтик», «Монако», «Эвертон» және «Фулхэм» секілді клубтарда доп тепті. Шотландия ұлттық құрамасында 58 матчта алаңға шығып, 12 голдың авторы атанды. 1996 жылы Еуропа чемпионатына, 1998 жылы әлем чемпионатына қатысқан. Коллинз 1990 жылғы әлем чемпионатына да барған, бірақ бір кездесуде де алаңға шыққан жоқ,

2006 жылы бапкерлік жолын бастады. Өзінің туған клубы "Хибернианды" жаттықтырды. Алғашқы маусымда-ақ Шотландия лига кубогын иеленді. Бірақ 2007 жылы желтоқсанда Коллинз бұл қызметтен кетті.

2008 жылы Бельгияның "Шарлеруа" клубын жаттықтырды.

Жетістіктері

Командалық «Селтик»

Шотландия кубогы: 1994/95

«Монако»

Франция чемпионы: 1996/97

«Фулхэм»

Лига кубогы: 2000/01

Жеке

Шотландиядағы жыл футболшысы: 1988 Шотландия құрамасының құмет тізіміне ілінген: 1998

Сілтемелер Ұлттық құрамада Джон Коллинз

Санат:31 қаңтарда туғандар Санат:Шотландия футболшылары Санат:Шотландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Хиберниан ФК ойыншылары Санат:Хиберниан ФК жаттықтырушылары Санат:Шотландия футбол жаттықтырушылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары Санат:Фулхэм ФК ойыншылары Санат:Селтик ФК жаттықтырушылары