Мырзатай — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Мырзатай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14711917 1790 93,4 956 864 90,4 961 926 96,4
Тарихы Іргесі 1939 жылы қаланған. Мырзатай ауылы 1964 жылдан Жамбыл құс фабрикасының ет бағытындағы (құс еті) орталығы болды. 1975 жылы Қазақ КСР құс өндірісі комитетінің ұйғарымымен өз алдына ("Индейководческая") түйетауық өсіретін шаруашылық болып құрылып, 1997 жылға дейін жұмыс істеді. Оның негізінде 1997 жылдан Мырзатайда ӨК, ЖШС және шаруа қожалықтары құрылған.
Атау тарихы "Мырзатай" деген атаудың шығу тарихы мынадай: Осы ауылда 9 ағайындылар өмір сүрген. Солардың бесеуі осы ауылда қалып еңбек еткен. Қалғаны бұл ауылдан көшіп кеткен. Мырзатай деген кісі сол ауылда қалғандардың бірі, шаруа, кедей адам болған екен. Ол кісі ауылдағы кедейлердің басын қосып, оларды еңбекшілікке шақырып, белсенділік танытып, соларға ауыл кеңесшісі болады. Сол уақыттан бастап сырттан келгендер бұл ауылды "Мырзатай шалдың ауылы" деп атап кеткен.Жамбыл облысының топномикалық атаулары
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданы елді мекендері