Эрнст Жан-Жозеф (; 11 маусым 1948 жыл, Кап-Аитьен) — гаитилік футболшы, қорғаушы. Гаити Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 1974 жылғы әлем біріншілігіне қатысқан.
1974 жылғы әлем біріншігінің екінші турының алдында Жан-Жозеф допингтен ұсталды да, чемпионаттан шеттетілді. Оны дереу тұтқындап, еліне алып кетті. Бірақ кейін Ұлттық құрамаға қажетті футболшы болғандықтан, оны тұтқыннан босатты да, 1980 жылға дейін Гаити құрамасы сапында ойнады. 1982 жылғы әлем біріншілігіне Гаити жолдама ала алмай қалды да, Жан-Жозеф құрамамен қоштасты.
Карьерасының басым бөлігін отанындағы "Виолетт" клубында өткізді. Сілтемелер Статистика (National-Football-Teams.com)
Санат:11 маусымда туғандар Санат:Гаити футболшылары Санат:Гаити Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Виолетт ФК ойыншылары Санат:Чикаго Стинг ФК ойыншылары Санат:допингке қарсы ережені бұзғаны үшін шеттетілген футболшылар Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары