Мұхаммед әл-Мұнтасыр (; 23 наурыз 838, Самарра — 7 маусым 862, Самарра) — Ислам халифатының 30-шы халифасы, мүміндердің әмірі.
Өмірбаяны 849 жылы 13 жасында тақ мұрагері деп жарияланды. Әкесі өлтірілген кезде түркі қолбасшылар оған серт береді.
Әл-Мұнтасырдың халифа деп жариялануына байланысты кейбір қарсылықтар туындады. Оның халифа болғанын қаламағандардың көбеюінен және әл-Мүтәуәккилдің түркілерге қарсы жасақтаған әскеріне халық арасынан да адамдар қосылғаннан кейін қақтығыс тіптен үдей түсті. Тіпті бірнеше кісі қаза тапты. Сондықтан қолбасшылардың араласуымен қақтығыс тоқтатылды.
Әкесінің Әлидің жақтастарына көрсеткен қысымы мен Құсайынның қабірін зиярат етуге салған тыйымы да тоқтатылды. Әл-Мүтәуәккилді өлтіріп, әл-Мұнтасырдың халифалық билікке келуі, түркілердің халифат ішіндегі салмақтарын арттыра түсті. Өйткені олар бұдан былай кімнің халифа боланына, тіпті олардың өміріне қатысты шешім айтатындай күшке ие болды. Сондықтан солардың қалауына сай әл-Мұнтасыр әл-Мүтәуәккилдің тақ мұрагері болған Мұхаммед әл-Мұғтазз және әл-Муаяд атты екі ұлын мұрагерліктен алыстатты.
Тұлғалық қасиеттері Әл-Мұнтасыр әкесінің өліміне араласқандықтан өзін кінәлі сезінетін. Көп уақыт өтпей науқастанады. 8 маусым 862 жылы қайтыс болады. Әл-Мұнтасыр кешіргенді, жомарттықты және халқына әділ билік еткенді жақсы көретінИслам тарихы. Алматы: Ернар Есімқұлов, 2018 ISBN 978-601-7929-37-4.
Дереккөздері
Санат:Аббас әулетінің халифтері Санат:Ирактық Аббасилердің халифалары