Қошқар ауданы () — Қырғызстан Республикасының Нарын облысындағы аудан. 1939 жылы 23 тамызда құрылды. Әкімшілік орталығы — Қошқар ауылы. 1939 жылдың 21 қазаны мен 1962 жылдың 30 желтоқсаны аралығында Тянь-Шань облысы құрамында болды, Нарын облысында 1970 жылдың 11 желтоқсанынан бері. оңға|нобай|Қошқар а. маңында Географиясы Қошқар ауданы Нарын облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Қырғызстанның Шу, шығысында — Ыстықкөл облыстарымен шектеседі.

Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағына сәйкес, ауданда 58267 адам тұрады, оның ішінде қырғыздар 57 582 адам немесе 98,8%, дүнгендер - 299 адам немесе 0,5%, өзбектер - 146 адам немесе 0,3% .

Әкімшілік бөлінуі Қошқар ауданының құрамына 11 айылдық (ауылдық) округ кіреді<div>Аильные округа и поселки Нарынской области:

Ақ-Қия — Қара-Су а. Қара-Су — Мантыш а. Қошқар — Қошқар а. Көш-Дебе — Қара Саз а. Құм-Дебе — Құм-Дебе а. Сары-Бұлақ — Ақ-Қия а. Семіз-Бел — Қара-Тау Тала-Бұлақ — Ден-Алыш а. Кек-Жар — Кек-Жар а. Чолпон — Чолпон а. Сон-Көл — Телек а.

Дереккөздер

Санат:Қошқар ауданы