«Ертістің жабайы жағасында» — толық метражды көркем фильм. 1959 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.
Сюжеті Өнеркәсіп объектілерін тезірек электр қуатымен жабдықтау үшін құрылыстың аяқтау мерзімін жеделдетуге ұмтылған Ертіс ГЭС құрылысшыларының еңбектегі ерлігі мен өмірі туралы. Бұл мақсаттың шешіміне фильм кейіпкерлері әртүрлі жолдармен барады.
Құрылыс басшысы Оралов, қызулана және өзін-өзі ұмытуынша ісіне адал адам, тәуекелге, жұмылаға және әбігершілікке барады; бас инженер Ұлы Отан соғысының ардагері Вакулин — қатаң ғылыми ойдың адамы, технологиялық процестің артықшылығын қайраттанып қорғауда; құрылыс парторгы Мұратов жеңістің басты шарты адамның шығармашылық бастамаларын арттыру деп санайды. Бірақ құрылысшылар өмірінде өкінішті қателіктерде, құрылысшылар арасында жала жабуға дайын, еңбек пен қоғамға тұтынушы көзімен қарайтын адамдарда кездеседіНа диком бреге Иртыша .
Рөлдерде Оралов — Қанабек Байсейітов Жаңай Оралов — Асанәлі Әшімов Әлжанов — Нұрмұхан Жантөрин Григорий — Николай Ключнев Лаврова — Эмма Цесарская Тайка — Лидия Мартюшова Вакулин — Леонид Пирогов Мұратова — Хадиша Бөкеева Мұратов — Шахан Мусин
Дереккөздер
Санат:КСРО драма фильмдері Санат:Қазақфильм фильмдері