Винисиус Жозе Пайсан де Оливейра Жуниор (; 12 шілде 2000 жыл, Сан-Гонсалу, Бразилия), немесе жай ғана Винисиус Жуниор () — бразилиялық футболшы, "Реал Мадрид" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы.

Мансабы Клубтық 2005 жылдан бері «Фламенго» клубының академиясының ойыншысы болды. 16 жасында Кубок Сан-Паулу турнирінде ең үздік қаптал шабуылшысы атанды. 2017 жылдың 13 мамырында Бразилия чемпионатында «Атлетико Минейро» клубына қарсы бастапқы құрамда дебют жасады. Осы ойыннан кейін Винисиус Фламенгомен келісім шартты ұзартты. Жаңа келісімшартта 16 жасар шабуылшының айлығы және өтемақыcы 30 дан 45 миллион евроға өсті.

2017 жылдың 10 шілдесінде Оңтүстік Америка кубогында Палестино клубына қарсы карьерасындағы алғаш голын салды. Фламенго бұл ойында 5:0 есебімен жеңіске жетті. Он күннен кейін Бразилия чемпионатында Атлетико Гоияниенсе клубына қарсы өзінің алғашқы дубльын салды. Матч 2:0 есебімен аяқталды.

Ұлттық құрама Бразилияның 15, 18, 20 жасқа дейінгі құрамаларында өнер көрсетті.

2019 жылдың 28 ақпанында Винисиус алғаш рет Бразилия құрамасына Панама мен Чехияға қарсы жолдастық кездесуге шақырылды.

Винисиус 2021 жылдың 9 маусымында Бразилияның 2021 жылғы Америка Кубогының құрамына енді.

Жетістіктері Командалық

«Фламенго»

Гуанабара кубогы: 2018 Бразилия кубогының финалисі: 2017 Оңтүстік Америка кубогының финалисі: 2017

«Реал Мадрид»

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2018, 2022 Испания чемпионы: 2019/20, 2021/22, 2023/24 Испания суперкубогының жеңімпазы: 2020, 2022, 2024 УЕФА Чемпиондар лигасы жеңімпазы: 2021/22, 2023/24 Испания суперкубогы жеңімпазы: 22/2023 УЕФА Суперкубогы жеңімпазы: 2022, 2024 Бразилия-15

15 жасқа дейінгі Оңт. Америка чемпионы: 2015

Бразилия-17

Брикс кубогы: 2016 17 жасқа дейінгі Оңт. Америка чемпионы: 2017

Америка кубогы финалисті: 2021

Жеке

17 жасқа дейінгі Оңт. Америка чемпионатының үздік мергені: 2017 17 жасқа дейінгі Оңт. Америка чемпионатының үздік ойыншысы: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид Кастилья ФК ойыншылары