Маттео Гендузи (; 14 сәуір 1999 жылы, Пуасси, Франция) — жартылай қорғаушы шебінде ойнайтын француз футболшысы.«Пари Сен-Жермен» және «Лорьян» футбол клубтарының түлегі. Қазіргі уақытта «Арсенал» футбол клубы сапында өнер көрсетеді.
Карьерасы «Лорьян» Гендузи «Лорьян» футбол клубының түлегі болып саналады. Клуб академиясын 2016 жылы бітірді. 2015/16 жылғы маусымда екінші командада өнер көрсете бастады. Екінші командадағы алғашқы ойынын 2016 жылдың 2 сәуірінде «Роморантина» футбол клубына қарсы өткізді. Бұл уақытта Маттео 16 жаста болды.
2016/17 жылғы маусымда бірінші команданың дайындықтарына қатыса бастады. 2016 жылы 15 қазанда Франция футбол чемпионатында алғашқы ойынын өткізді. Француз ойынның «Нант» футбол клубына қарсы ойынның 76 минутында Валид Меслубты ауыстырды
«Арсенал» 2018 жылы 11 шілдеде Маттео 8 миллионов евроға «Арсенал» сапына ауысты . Бұрын Граниту Джакаға тиесілі болған 29 нөмірді алды. 2018 жылы 14 шілдеде «Арсенал» сапындағы алғашқы ойынын «Борэм Вуд» командасына қарсы өткізді. 2018 жылы 12 тамызда Англия Премьер-лигасында алғашқы ойынын өткізді. Ойын «Манчестер Ситиге» қарсы өтті.
Жанкүйерлер дауысы бойынша Маттео «Арсеналда» тамыз айындағы үздік ойыншы атанды. 68 % дауыспен, Генриха Мхитарян мен Петр Чехті артта қалдырды.
Статистика КлубЛигаМаусымОйындарыГолдарыЛорьянЛига 12016/1790Лига 22017/18210Арсенал[Англия премьер-лигасы|АПЛ]2018/19271
Сілтемелер Арсенал ФК ресми сайты
Санат:Франция футболшылары Санат:Лорьян ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Герта Берлин ФК ойыншылары