Ферро Ақтөбе — 1993 және 2000 жылдар аралығында Қазақстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы, 2000 жылдан соң жабылып қалды.
Қазақстан чемпионаттарында 1993 жылы Қазақстан чемпионатының әуесқойлар лигасына (бірінші лиганың әуелдегі атауы) қатысып, бірінші кезеңде алты клубтың ішінде бірінші орын алды. Екінші кезеңде 5-8 орындар үшін сынға түсіп, 6-шы орынға тұрақтадыhttp://footballfacts.ru/turnir/2785312-chempionat-kazahstana-1993-#tab2791517_2785312r .
Клуб 1997 бірінші лига жеңімпазы атанды. 1998 жылы жоғары лигада ойнауға қаржы тапшылығы кедергі болды. 1999 жылғы чемпионатқа қатыса алмады.
2000 жылы соңғы рет Қазақстан бірінші лигасында ойнап, Батыс аймағында соңғы орында қалды.
Жетістіктері
Бірінші лига жеңімпазы: 1997 Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:1993 жылы құрылған футбол клубтары Санат:2000 жылы жабылған футбол клубтары Санат:Қазақстан футбол клубтары