Давинсон Санчес Мина (; 12 маусым 1996https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/341429, Калото, Каука департаменті) — колумбиялық футболшы, Колумбия Ұлттық футбол құрамасы мен "Тоттенхэм Хотспур" клубының қорғаушысы. 2018 жылы әлем чемпионатына қатысқан. Карьерасы Колумбияның "Атлетико Насьонал" клубының түлегі. 2016 жылы Либертадорес Кубогында жеңіске жетті.
2016 жылы "Аяксқа" ауысты. 2016/17 жылғы маусым барысында Давинсон 32 рет Эредивизиде алаңға шықты. Ал "Аякс" жыл соңында УЕФА Еуропа Лигасының финалына дейін жетті.
2017 жылы жазда "Тоттенхэмге" ауысты.
Жетістіктері
Колумбия чемпионы: 2015
Колумбия суперлигасы: 2016 Либертадорес: 2016 Жастар арасындағы Оңтүстік Американың вице-чемпионы (20 жас): 2015
Дереккөздер
Сілтемелер Профиль
Санат:Колумбия футболшылары Санат:Колумбия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Насьонал ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары