Сербия — Албания футбол матчы (2014) (ағыл. Serbia v Albania 2014) — 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы, 2014 жылы 14 қазан күні Белградтағы "Партизан" стадионында өтті.
Матч жанкүйерлердің шектен тыс тәртіпсіздіктерінің кесірінен толық ойналған жоқ. Нәтижесінде Сербияға техникалық жеңіліс жазылды.
Сербия мен Албания мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынас Косова тәуелсіздік алған соң ушыға түскенімен, УЕФА тарапы ЕУРО-2016 іріктеуінде екі елді бір топқа түсірмеу мәселесін қарастырмаған болатын. Соның нәтижесінде осындай берекесіздіктер орын алды. Матчқа дейін Матчқа дейінгі турнир кестесі
Футболдан 2016 жылғы Еуропа біріншілігі (іріктеу турнирі, І тобы)
Матч Детальдар
ққ 1 Владимир Стойковичқ 6 Бранислав Иванович (к) қ 13 Стефан Митровичқ 5 Матия Настасичқ 11 Александар Коларовж 7 Зоран Тошичж 8 Неманья Гудельж 14 Неманья Матичж 10 Душан Тадичж 19 Филип Джуричичш 18 Данко ЛазовичБас бапкер: Диик Адвокат ққ 1 Этрит Беришақ 7 Анси Аголли қ 14 Таулант Джакақ 15 Мергим Маврайқ 4 Эльсеид Хюсайж 3 Эрмир Леньяниж 13 Бурим Кукелиж 5 Лорик Цана (к)ж 22 Амир Абрашиш 2 Анди Лиляш 19 Беким БалайБас бапкер: Джанни де Бьязи
Матчтан соң Екі тараптың да футбол федерациялары 100 мың Еуродан айыппұл төледі. Албания таранына бұл жаза ойынды жалғастырудан бас тартқаны үшін және фанаттарының алауыздық тудыратын баннерді көтергені үшін салынды. Сербия тарапына стадиондағы қауіпсіздікті сақтай алмағаны үшін сондай жаза қолданылды.
Қарымта ойын 2015 жылы 8 қазан күні Эльбасанада өтіп, Сербия 2:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңілгендеріне қарамастан албан футболшылары тұңғыш рет финалдық турнирге жолдама ала алды. Ал Сербия не-бары 4 ұпаймен 4-ші орында қалды.
Дереккөздер
Санат:Футболдан 2016 жылғы Еуропа біріншілігі Санат:2014 жылғы футбол Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Албания Ұлттық футбол құрамасының ойындары