Жерсон Родригес (; 20 маусым 1995https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/282734, Прагал, Португалия) — люксембургтік және португалиялық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы Жерсон Португалияда дүниеге келген. Балалық шағында Францияның "Мец" клубының академиясына қабылданды. Кәсіпқой карьерасын бастайтын шақта Люксембургтың "Свифт Эсперанс" клубына ауысып, бір маусым ойнады. 2014 жылы тағы бір люксембургтік команда — "Унион 05" сапына қосылды.
Бір маусымнан соң "Расинг Унионға" жалға берілді. 2016 жылы "Унион 05-ке" қайта оралды да, "Фола" клубына ауысты. Онда да бір маусым ғана ойнап, Нидерландының "Телстар" командасына қосылды, ол маусымда да бір маусымнан артық ойнаған жоқ. Осылайша 2013-19 жылдары алты командада доп тепті.
Ұлттық құрамада Тарихи отаны Португалия құрамасына шақырылмайтынын біліп, Люксембург Ұлттық құрамасында ойнауға ниет білдірді де, 2017 жылы 25 мамыр күні тұңғыш рет құрама сапында Францияға қарсы ойында алаңға шықты. Дереккөздер
Сілтемелер Проифлі
Санат:Люксембург футболшылары Санат:Люксембург Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шериф ФК ойыншылары Санат:Фола ФК ойыншылары Санат:Джубило Ивата ФК ойыншылары