Марсель Десайи (; 7 қыркүйек 1968 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3154, Аккра) — франциялық футболшы, қорғаушы, Әлем және Еуропа чемпионы.

Өмірбаяны

Клубтық мансабы Дүниеге келген кездегі есімі — Оденке Аббей (ағыл. Odenke Abbey). Анасы француз дипломатына тұрмысқа шыққан соң қазіргі есіміне ауысты. Францияға келген кезде Марсель 4 жаста ғана еді.

Балалық шағында "Нант" клубының академиясында ойнады. Кәсіпқой карьерасын да 1986 жылы осы клубта бастады. 1992 жылы "Марсельге" ауысып, алғашқы маусымының қорытындысында Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Финалда "Марсель" "Миланды" ұтты да, франциялық қорғаушының ойыны ұнаған миландық клуб дереу оны сол жазда-ақ өздреріне шақырды. Миландықтар сапында да 1994 жылы Чемпиондар Лигасынның жеңімпазы атанды.

Кейін сегіз маусым бойы "Челсиде" ойнап, 2001-2004 дылдар аралығында капитаны болды.

2004 жылы "Челсиден" кетіп, Катар клубтарында бірер жыл ойнады да, 2006 жылы футболмен қоштасты.

Ұлттық құрама Ұлттық құрамада тұңғыш рет 1993 жылы алаңға шықты. 1998 жылғы әлем чемпионаты мен 2000 жылғы Еуропа чемпионатында Франция құрамасы чемпион атанды да, Марсель құраманың белді мүшелерінің бірі болды. Кейін 2002 жылғы әлем чемпионаты мен 2004 жылы Еуропа чемпионатына да қатысты. 2004 жылы құрамадағы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

Командалық «Марсель»

УЕФА Чемпиондар Лигасы: 1993

«Милан»

Италия чемпионы (2): 1993/94, 1995/96 УЕФА Чемпиондар Лигасы: 1994 УЕФА Суперкубогы: 1994

«Челси»

Англия кубогы: 2000 Англия суперкубогы: 2000 УЕФА Суперкубогы: 1998

«Әл-Гаррафа»

Катар чемпионы: 2004/05

«Франция құрамасы»

Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000 Конфедерациялар кубогы (2): 2001, 2003

Жеке

ЕУРО-1996 символикалық құрамы ЕУРО-2000 символикалық құрамы ФИФА 100

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайты

Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Нант ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Әл-Гарафа ФК ойыншылары Санат:Катар СК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:ФИФА 100