Рубен Сантуш Гато Алвеш Диаш (, Рубен Диаш () есіміміен де белгілі; 14 мамыр 1997 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/258004, Амадора, Португалия) — португалиялық футболшы, Португалия Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы.
Мансабы
Клубтық "Бенфика" клубының түлегі. Негізі балалық шағында тұңғыш барған клубы — "Эштрела Амадора" клубының академиясы.
2016/17 жылғы маусымда "Бенфиканың" негізгі құрамына ілінді.
Рубен Диаш 2020 жылдың 29 қыркүйегінде Ағылшын Премьер-лигасының Манчестер Сити клубымен алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Оның бастапқы трансфер құны 68 миллион еуроны (61,64 миллион фунт) құрады, бірақ ойын көрсеткіштеріне байланысты 71,6 миллион еуроға дейін өсуі мүмкін еді. Сонымен қатар, бұл келісім аясында Николас Отаменди 15 миллион еуроға Бенфикаға ауысып, жалпы трансфер құны 56,6 миллион еуроға (51 миллион фунт) түсті.
2020 жылдың 3 қазанында Диаш Манчестер Сити сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Ол Лидс Юнайтед клубына қарсы сырт алаңдағы ойында (1:1) негізгі құрамда алаңға шықты.
Ұлттық құрама Португалияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнап, бірнеше халықаралық турнирлерге қатысты. Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2018 жылы 28 мамырда Туниске қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.
2018 жылы әлем чемпионатына, 2018/19 жылдары УЕФА Ұлттары лигасына қатысқан.
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары