Қараөзек – Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты темір жол стансасы, ауылдық округтің орталығы. Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарында, Талдыкөл көлінің оңтүстік жағындағы қамыс, құрақ, т.б. шөптесіндер өскен шалғынды сұр, шалғынды-саз топырақты өзен жайылмасында орналасқан. Тұрғыны 2,4 мың адам (2005). 1967 – 97 жылдары бау-бақша дақылдарын өсіретін Қызылорда тәжірибе шаруашылығының орталығы болған. Оның негізінде Қараөзекте және округке қарасты Айнакөл, 10 Қараөзек темір жол айырмасында ЖШС және шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Қараөзек қаласы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.