Ахмед Эль-Саед Хегази (; 25 қаңтар 1991 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/111524, Исмаилия, Мысыр) — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Вест Бромбич Альбион" клубының қорғаушысы. 2017 жылы Мысыр құрамасы сапында Африка Ұлттары кубогының күміс жүлдегері атанды.
Карьерасы
Клубтық Мысырдың "Исмайлия" клубының түлегі. Кейін Италияның "Фиорентина", "Перуджа", Мысырдың "Әл-Ахли" клубтарында ойнап, 2017 жылы Англияның "Вест Бромбич Альбион" клубына жалға берілді.
Ұлттық құрама 2011 жылы 14 қарашада Бразилияға қарсы жолдастық кездесуде Мысыр құрамасы сапында тқңғыш рет алаңға шықты.
2012 жылы 23 жасқа дейінгі Мысыр құрамасы сапында жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысты.
2017, 2019 жылдары Африка Ұлттары кубогына, 2018 жылы Ресейде өткен әлем біріншілігіне қатысты.
Жетістіктері
Мысыр чемпионы: 2015/2016, 2016/2017 Мысыр кубогы: 2016/17
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (sports.ru)
Санат:Мысыр футболшылары Санат:Мысыр Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Перуджа ФК ойыншылары Санат:Әл-Ахли Каир ФК ойыншылары Санат:Вест Бромвич Альбион ФК ойыншылары