Бруну Мигел Боржеш Фернандеш (; 8 қыркүйек 1994 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/240306, Мая, Португалия) — португалиялық футболшы, "Манчестер Юнайтед" клубы мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Клубтық "Боавишта" және "Новара" клубтарының түлегі. 2012 жылы 3 қарашада "Читтаделла" клубына қарсы ойында "Новара" сапында В сериясындағы тұңғыш ойынын өткізді.

2013 жылы жазда "Удинезеге" ауысты. Тағы да 3 қараша күні А сериясындағы тұңғыш ойынына қатысты. Тұңғыш голын 2014 жылы 8 ақпан күні "Кьево" қақпасына енгізді.

2016 жылы жазда "Сампдорияға", 2017 жылы "Спортингке" ауысты.

2020 жылы Манчестер Юнайтед клубымен келісімшартқа қол қойды.

Ұлттық құрама 2017 жылы 10 қараша күні Сауд Арабиясына қарсы жолдастық кездесуде Португалия құрамасы сапында алаңға шықты. 2018 жылы әлем чемпионатына, 2018/19 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасына қатысты.

Жетістіктері

Португалия лига кубогы: 2017/18 Португалия кубогы: 2018/19 УЕФА Ұлттар Лигасының жеңімпазы: 2019

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі («Спортинг» сайтында)

Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Боавишта ФК ойыншылары Санат:Новара ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары