Наоки Мацуда (жап. 松田 直樹 Наоки Мацуда; 14 наурыз 1977,http://sports-reference.com/olympics/athletes/ma/naoki-matsuda-1.html Кирю, Гумма перфектурасы – 4 тамыз 2011, Мацумото, Жапония) — жапониялық футболшы, жартылай қорғаушы. Азияның екі дүркін чемпионы (2000 және 2004 жылдары). 2000-05 жылдары Жапония Ұлттық футбол құрамасында өнер көрсеті. Карьерасында 15 жылдай "Йокогама Ф Маринос" клубында ойнаған.

Ұлттық құрамадағы жалғыз голын 2005 жылы қаңтар айында Қазақстан құрамасының қақпасына енгізді. Бұл оның құрамадағы соңғы матчы болатын.

2011 жылы жаттығу барысында жүрек талмасына ұшырап, екі күннен соң 34 жасында жүрегі тоқтады.

Жетістіктері Командалық Азия чемпионатының жеңімпазы (2000, 2004) Kirin Cup (2000, 2001)

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Жапония футболшылары Санат:Жапония Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Иокогама Ф. Маринос ФК ойыншылары Санат:Футболдан Азия чемпиондары