«Моана» () — Walt Disney Animation Studios кинокомпаниясының 56-толықметражды мультфильмі. Фильмнің бастапқы сюжеті «2000 жыл бұрын Тынық мұхитындағы аралдардың оңтүстігінде болған мифтік оқиғаны баяндайды» деп жоспарланған.
Фильмің режиссёрлығын Джон Маскер мен Рон Клементс қолға алды. Композитор қызметін — Марк Манчина атқарды. Басты кейіпкерлердің бірі жартылай құдай Мауиді америкалық киноактёр және рестлер Дуэйн Джонсон дыбыстады.
Фильмнің әлемдік премьерасы 2016 жылы 23 қарашада, Қазақстанда 1 желтоқсанда болды. «Моана» басталмай тұрып кинотеатрларда жаңа қысқаметражды «Жүрекке жол» фильмі көрсетілді. Моана анимациялық фильмі 2011 жылдан бері қазақ тіліне аударылған 16-фильм..
Сюжеті Фильмде Тынық мұхитындағы кішкентай аралда мекен ететін тайпа көсемінің қызы Моананың бастан кешкендері баяндалады. Ол бала кезінен саяхатқа шығып, әлемді шарлауды армандайды. Алайда тайпа заңдары саяхаттауға тыйым салады. Оның себебі тереңде жатыр. Ежелде жартылай Құдай Мауи өмір Құдайы Те Фитидің жүрегін ұрлап кетеді. Соның әсерінен лава Құдайы Те Ка оянып, Жерге жақсылық атаулыны жоюға құмар түнек түседі. Нәубет суға шыққан кемелерді, артынша бүтіндей аралдарды бір бірлеп жоя бастайды. Әжесі Таланың айтуынша, мұның бәрін тоқтату тек Моананың қолынан келеді. Ол Мауиді тауып, мұхитты кесіп өтіп, зұлымдыққа қарсы күресуі тиіс.
Рөлдерді дыбыстаған Аулии Кравальо — Моана Луиза Буш — Моананың балалық шағы (вокал) Дуэйн Джонсон — Мауи Рэйчел Хаус — Тала әжей Темуэра Моррисон — көсем Туи Кристофер Джексон — көсем Туи (вокал) Николь Шерзингер — Сина, көсемнің әйелі Джемейн Клемент — Таматоа Алан Тьюдик — әтеш Хей-хей Оскар Кайтли — балықшы Трой Поламалу — ауылдың бірінші тұрғыны
Қазақша дубляж Моана - Назерке Серікболова Мауи - Бүркіт Көсем Туи - Жәнібек Мұсаев Таматао - Сырым Қашқабаев Тала әжей - Лидия Кәден Сина - Мақпал Исабекова
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Walt Disney мультфильмдері