20th Century Studios (Жиырмасыншы ғасыр Студиос кинобірлестігі) — америкалық алты ірі киностудияның бірі. The Walt Disney Company компаниясына бағынады. Телефильмдерді өндірумен айналысады.
Компания 1935 жылы 31 мамырда: 1915 жылы Уильям Фокс құрған Fox Film Corporation және 1933 жылы Деррил Ф. Занук, Джозеф Шенк, Реймонд Гиффит, Уильям Гетц құрған Twentieth Century Pictures киностудияларының бірігуінен пайда болды.
Компанияның түсірілім алаңы Лос Анжелестің Century City кварталында, Беверли Хилздың батысында орналасқан. Қазіргі уақытта кварталда офистермен тұрғын үйлер көп салынған. Компанияның штаб-пәтері Fox Plaza ғимаратының 35-қабатында орналасқан.
Twentieth Century Fox-тың ең атақты медиафраншизаларына «Жұлдызды соғыстар» (Дисней компаниясына өтпей тұрып), «Аватар», «Икс адамдар», «Мұз дәуірі», «Рио», «Крепкий орешек», «Хищник», «Бөтен», «Планета обезьян», «Үйде жалғыз қалғанда», «Бэтмен», «МЭШ», «Секретные материалы», «Копы» (Cops), «Футурама», «Симпсоны», «Гриффины», «Американский папаша!», «24» фильмдері мен сериалдары жатады. Осы киностудиядан шыққан ең атақты актрисалардың қатарында — 20th Century Fox студиясының алғашқы жұлдызы Ширли Темпл, Бетти Грейбл, Джин Тирни, Мэрилин Монро және Джейн Мэнсфилд бар. Студия афроамерикалық киножұлдыз Дороти Дэндриджбен де келісімшартқа отырған. 20th Century Fox Америкалық кинокомпаниялар қауымдастығының мүшесі болып табылады.
Дереккөздер
Сілтемелер Компания парақшасы Internet Movie Database веб сайтында
Санат:АҚШ кинокомпаниялары Санат:20th Century Studios Санат:1935 жылы құрылған компаниялар