Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков (26 қазан 1964 жыл, Тараз) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты (2017–2023). Физика-математика ғылымының кандидаты, доценті, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі.
Өмірбаяны А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген. 1991-1996 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушылық және әкімшілік қызмет атқарған. 1996-1998 жылдары - Үкімет Аппаратының, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкері. 1998-2007 жылдары - ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің бас эксперті, әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас эксперті, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, Президент Әкімшілігінің экономикалық саясат басқармасының бас инспекторы. 2007-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2008-2009 жылдары - ҚР Индустрия және сауда вице-министрі. 2009-2014 жылдары - Еуразия экономикалық қауымдастығы жанындағы Кедендік одақ комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары. 2014-2015 жылдары - Астана қаласы әкімшілігі аппаратының жетекшісі. 2015-2017 жылдары - "Нұр Отан" партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары.. 2017 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.
Ғылыми басылымдардың, математика мен экономика мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу құралдарының авторы. Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:26 қазанда туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік университеті түлектері Санат:Физика-математика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшелері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Аманат партиясының мүшелері