«Астон Вилла» () — Англияның Бирмингем қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. 1874 жылы құрылған.
Тарихы 1888 жылғы Англияның тұңғыш чемпионатына қатысқан 12 клубтың бірі. 1897 жылдан бері "Вилла Парк" стадионында өз алаңындағы ойындарын өткізеді.
Англияның жеті дүркін чемпионы. Ең ірі табысы ретінде 1981/82 жылғы маусымдағы Еуропа Чемпиондар кубогында топ жарғанын айтуға болады. Сол жылы Еуропа суперкубогын да ұтып алды.
1992-2016 жылдары үздіксіз премьер-лигада ойнады. 2015/16 жылғы маусымда Чемпионшипке түсіп кетті де, 2019 жылы жазда плей-офф арқылы элитаға оралды.
Жетістіктері
Ұлттық
Премьер-Лига: Чемпион (7): 1893/94, 1895/96, 1896/97, 1898/99, 1899/00, 1909/10, 1980/81 2 дивизион: Чемпион (2): 1937/38, 1959/60 3 дивизион: Чемпион: 1971/72 Кубок: Жеңімпаз (7): 1887, 1895, 1897, 1905, 1913, 1920, 1957 Лига кубогы: Жеңімпаз (5): 1961, 1975, 1977, 1994, 1996 Суперкубок: Жеңімпаз: 1981
Халықаралық
Еуропа чемпиондар кубогы: Жеңімпаз: 1982 УЕФА Суперкубогы: Жеңімпаз: 1982 Интертото: Жеңімпаз (2): 2001, 2008
Сілтемелер Ресми сайт» Барлық ойыншылары Фейсбуктегі Ресми парақшасы Статистикасы
Санат:Астон Вилла ФК Санат:Англия футбол клубтары