Рустави футбол клубы — Грузияның Рустави қаласындағы футбол клубы. Тарихы 1947 жылы құрылған.
Кеңес дәуірінде "Металлург Рустави" деген атаумен ойнады. 2006 жылы "Металлург" біраз қаржы тапшылығына ұшырады. Осы кезде Тбилисидің "Олимпи" клубымен бірікті де, Руставидегі базаны сақтап қалды. Атауы "Олимпи" деп өзгерді. 2006/07 жылғы маусымда тұңғыш рет Грузия чемпионы атанды.
2007/08 жылғы маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасына қатысып, бірінші кезеңде Қазақстанның "Астана-1964" клубынан ұтылып қалды (0:0, 0:3).
2010 жылы екінші рет Грузия чемпионы атанды.
2011 жылы "Рустави" деп өзгертілді.
Жетістіктері
Ұлттық Грузия чемпионы: 2006/07, 2009/10. Грузия чемпионатының қола жүлдегері: 2008/09, 2010/11. Грузия кубогының финалисі: 2008/09 Грузия суперкубогының иегері: 2010 Дереккөздер
Сілтемелер
https://web.archive.org/web/20120328065716/http://fcml.ge/
Санат:Грузия футбол клубтары