«Шеффилд Юнайтед» футбол клубы () — Англияның Шеффилд қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын 32 мың адамдық «Брэмолл Лейн» стадионында өткізеді.

Тарихы 1889 жылы 22 наурызда "Шеффилд" крикет клубының мүшелерінен құрылды. 1892/93 жылғы маусымда тұңғыш рет Англияның ең жоғарғы дивизионында ойнады. Төрт жылдан соң (1897/98) Англия чемпионы атанды. Бұл әзірше осы тұрғыдағы жалғыз табысы.

2018/19 жылғы маусым қорытындысы ббойынша чемпионшипте екінші орынға табан тіреді де, Премьер Лигаға жолдама алды.

Жетістіктері

Англия чемпионы: 1897/98 Вице-чемпионы: 1896/97, 1899/1900 Англия кубогының жеңімпазы (4): 1899, 1902, 1915, 1925 Финалист: 1901, 1936 2-дивизион жеңімпазы: 1952/53 Чемпионшипте 2-орын (2): 2005/06, 2018/19 1 лига жеңімпазы: 2016/2017

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт

Санат:Англия футбол клубтары